Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Имамдардың білімін жетілдіруге арналған семинар өтті

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 11.12.2023 1092 0 пікір
Абай: Имамдардың білімін жетілдіруге арналған семинар өтті

Семей қаласындағы «Шәкәрім қажы» мешітінде имамдардың білімін жетілдіруге арналған семинар ұйымдастырылды.

Қала және аудан-ауыл мешіттерінің бас имамдары жиналған семинарды Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы мен өңірге арнайы іссапармен барған ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл өткізді.

Семинар барысында Асқар Әбітайұлы имамның діни сауаттылыққа жіті көңіл бөлуі, көркем мінезділікті кеңінен насихаттау, имамның тұлғалық бейнесін қалыптастыру сынды тақырыптарды қозғаса, Хасан Аманқұл жамағатқа уағыз айту кезіндегі қажетті кеңестермен бөлісті. Сондай-ақ, уағызшының тұлғалық келбетіндегі «ықылас», «сенімділік», «жауапкершілікті сезіну» сияқты қасиеттердің және оның білімді болуы, тілінің тазалығы, дауыс ырғағы сынды қабілеттерінің маңыздылығына тоқталды.

Келелі кездесу соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, семинар қорытындыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру