Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының имамдары жылды қорытындылады

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 09.12.2023 1328 0 пікір
Алматы облысының имамдары жылды қорытындылады

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының төрағалығымен өңір имамдары 2023 жылдың қорытынды жиналысын өткізді.

Аталмыш жиынға Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты мешіттердің бас имамдары қатысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Ізгі қоғам», «Діни оқу-ағарту», «Жат ағымдардан сақтандыру» бағыттары аясында және жыл бойы атқарылған өзге де жұмыстар бойынша егжей-тегжейлі есеп беріп, арнайы үлгіге сай презентациялар көрсетті.

Облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы дін қызметкерлерінің есептеріне оң бағасын беріп, келесі жылдың жұмыс жоспарына қатысты имамдардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. 

Шара соңында биылғы жылы дін қызметкерлері арасында белсенді болып, қойылған тапсырмаларды жоғары деңгейде атқарған бірқатар имамдар мен ұстаздар ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының және облыс бас имамының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру