Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Бәйкен» мешітіне бас имам тағайындалды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 08.12.2023 2230 0 пікір
Алматы: «Бәйкен» мешітіне бас имам тағайындалды

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы қаласы Бостандық ауданындағы «Бәйкен» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы «Бәйкен» мешітінде жұма уағызын айтып, жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Жаңадан тағайындалған бас имам Болатбек Әбудің алдағы қызметіне сәттілік пен береке тіледі. Болатбек Ұласқанұлы бұған дейін Қызылорда облысының бас имамы қызметін атқарған болатын.

Ал «Бәйкен» мешітінде жемісті қызмет атқарған танымал қари Данияр Жұмабаевқа наиб мүфти жамағат атынан алғыс білдіріп, қазақы салтпен иығына шапан жапты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру