Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкенттік имамдар жылдық есеп тапсырды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 08.12.2023 1089 0 пікір
Шымкенттік имамдар жылдық есеп тапсырды

Шымкент орталық мешітінде имамдардың 2023 жылы атқарған жұмыс есебі тыңдалды.

Есеп беру мәжілісіне Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Төлжанұлы және өзге де дін қызметкерлері қатысты.

Бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы тарапынан ізгі қоғам, діни оңалту бағыты, дін мен дәстүр, діни сауат ашу және уағыз-насихат, кітап және баспа өнімдері, сараптама жұмыстары мен халал ісі бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.

Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан бірқатар мешіт имамдарының жұмысының салғырттығына байланысты ескертулер мен сөгіс беру ұсынылса, ал керісінше жыл бойы нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына алғыс білдірілді.

Жылдық қорытынды есептің нәтижесі бойынша Еңбекші ауданы барлық көрсеткіштері бойынша «Үздік аудан, Үздік имам» аталымына ие болды. Сондай-ақ, үздік қызмет атқарған Мұхамеджан Жамантайұлы, Ербосын Орын, Кеңесбек Бөртебаев, Ахметжан Ихласов және Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова ұстаздарға отбасымен берге «Ақсу-Жабағылы» шипажайына жолдама берілді. Мұнымен қатар, қалалық «Халал Даму» ЖШС бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев пен қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлына ұмра қажылық сертификаты табыс етілді. Бұған қоса, 5 бағытқа қарасты 28 сала жұмысының нәтижесінде ең үздік 45 имамға алғыс хат пен бірге елу мың теңге сыйақы берілді.

Мәжілісі барысында 2024 жылы атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылып, әрбір бағыт бойынша белсенді болуға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру