Түркістан қаласындағы облыстық «Қожа Ахмет Ясауи» орталық мешітінде бүлдіршіндердің тұсауы кесілді.
Игі дәстүріміз дәріптелген бірегей шараға ҚМДБ Ғұламалар кеңесі мен РАНТ мүшесі, исламтанушы-ғалым Арман Қуанышбаев пен Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы арнайы қатысып, тәй-тәй басқан балдырғандардың тұсауын кесіп, таудай азамат болып өссін деп батасын берді.
Өз кезегінде сәбилердің аналары Арман ұстаз бен Ержан Сматұлына, осы игі шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру