Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған имамдары үстел теннисінен жарыс өткізді

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 07.12.2023 781 0 пікір
Талдықорған имамдары үстел теннисінен жарыс өткізді

ҚМДБ Жастар ісі секторының Жетісу облыстық өкілдігі, Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімі және «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен шаһар имамдары үстел теннисінен жарыс өтті.

Спорттық шараға өңірдің бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы және қалалық мешіттердің имам-ұстаздары қатысты. Олимпиадалық жүйе бойынша сынға түскен спорттық дода тартысты да қызықты болды.

Жарыстың финалдық бәсекесінде қалалық «Дінмұхаммед» мешітінің бас имамы Мұқиятұлы Нұрсұлтаннан облыстық «Иман» мешітінің ұстазы Ернар Дәлелханұлы басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. Үшінші орынға қалалық «Жетісу» мешітінің бас имамы, қари Мадияр Қайратбекұлы жайғасты. Қалған қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Облыс бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы қатысушылар мен ұйымдастырушыларға, облыстық үстел теннисі қауымдастығына алғыс айтып, батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру