Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 07.12.2023 892 0 пікір
Маңғыстау: Дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті

ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Бекет ата» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» тақырыбында дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Танымдық шараға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Қыдыр Төрәлі, Сарапшылар кеңесінің мүшесі Рахымжан Әкімбеков, Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфуллин, ҚМДБ діни білім беру және кадрларды дайындау бөлімінің басшысы Смайыл Сейтбеков, Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары қатысты.

Семинар барысында Төрәлі Қыдыр «Қазақ даласындағы аталар мектебі» жайлы, Рахымжан Әкімбеков «Діни оңалту» турасында, Думан Сайфуллин «Ихсан ілімі» туралы,Смайыл Сейтбеков «Ислам тарихы» жайлы діни қызметкерлерге  баяндама жасап,ойларын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру