Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте қажылық жөнінде брифинг өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.12.2023 858 0 пікір
Шымкентте қажылық жөнінде брифинг өтті

Шымкент қаласы  әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында «Қажының рухани келбеті» құжатын насихаттау аясында БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.

Оған ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, Қажылық бөлімінің меңгерушісі  Жәнділлә Мамытханұлы және Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қатысып,  қажылықтың  талаптары  мен ережелері түсіндірілді.

Брифинг барысында қажылық парызды өтеуге ниет еткен азаматтарға  сүзгіден өткен, көп жылдық тәжірибесі бар 17  тур фирмамен қасиетті сапарға баруға кеңес берілді. Сондай-ақ, 2024 жылы қажылыққа баруға ниет еткен азаматтар желтоқсан айының соңына дейін тіркеліп, аз мүмкіндікке қарай төлем жасау қажет екендігі түсіндіріп өтті. Брифингке жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлері қатысып, сұрақтарына тұшымды жауап алды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру