Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТТЕ « ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.12.2023 1096 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ « ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешітінде «Қажының рухани келбеті» құжатын насихаттауға арналған аймақтық рухани семинар ұйымдастырылды.

Аймақтық семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Төраға кеңесшісі, Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Мамытханұлы, Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қатысып, қажылық мәселелері бойынша арнайы баяндама жасады.  

Негізгі қаралған мәселе – қажылық маусымына дайындық һәм  ҚМДБ тарапынан қабылданған «Қажының рухани келбеті» тұғырнама құжатын насихаттау. Мұнымен қатар, имамдарға қажылыққа байланысты Сауд Арабия тарапынан қойылып отырған өзгерістер мен талаптар, ережелерді түсіндіру.

Сондай-ақ, арнайы тексеруден өткен, көп жылдық тәжірибесі бар 17 тур фирмалармен қажылыққа баруға кеңес берілді. Алдағы 2024 жылы қажылыққа ниет азаматтар желтоқсан айының соңына дейін төлем жасап, тіркеу қажет екендігі түсіндірілді.

Семинарға қалалық мешіт имамдары мен ұстаздары қатысып, көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру