Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе имамдары 2023 жылды қорытындылады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 04.12.2023 1581 0 пікір
Ақтөбе имамдары 2023 жылды қорытындылады

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен өңір имамдарының кеңейтілген жылдық қорытынды жиыны өтті. 

Аталған жиында қала және аудан имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылға бекіткен 5 жұмыс бағыты – «Дін мен дәстүр», «ихсан және насихат», «ізгі қоғам», «діни оқу-ағарту», «жат ағымдардан сақтандыру» бағыттары аясында және ҚМДБ бөлімдері және мекемелері бекіткен жоспар бойынша жыл бойы жүргізген жұмыстарын егжей-тегжейлі баяндап, атқарылған айтулы шаралар жөнінде есеп берді. Сондай-ақ нәтижелер туралы баяндады. 

Өкілдік тарапынан қала, аудан мешіттерінің жұмысына арнайы талдау жасалып, көрсеткіштеріне қарай баға берілді. Шара соңында биылғы жылы дін қызметкерлері арасында белсенді болып, ҚМДБ тапсырмаларын жоғары деңгейде атқарған бірқатар имам-ұстаздар марапатталды.

Жамағатты газет-журналға жаздыру шараларын ұйымдастырудағы белсендігі үшін «Нұр Ғасыр» мешітінің молдасы Ықылас Асанұлына, ҚМДБ бекіткен 5 бағыт аясындағы жұмыстарды тиянақты әрі белсенді орындағаны үшін Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы мен Зарлық Аманұлына,  ҚМДБ бекіткен 5 бағыт аясындағы жұмыстарды әрі деструктивті діни ағым өкілдерімен жеке кездесу түсіндірме жұмыстарын белсенді атқарғаны үшін Ақтөбе қаласы, «Досжан Хазрет» мешітінің имамы Шынболат Әлімқұлына, аудандағы діни тұрақтылықты сақтап, діни қызметке маман тарту бойынша белсенділік танытқаны үшін Қобда ауданының бас имамы Абай Мәлікұлына облыстың Бас имамы атынан алғыс хат және ақшалай сыйлық табысталды.

Сондай-ақ 2023 жылы ҚМДБ бекіткен барлық тапсырмалар бойынша аудандар арасында үздік қызмет көрсетіп, жоғары деңгейде шараларды ұйымдастырған Шалқар ауданының бас имамы Абзал Қондыбайұлына, ҚМДБ бекіткен Әйел-қыздар секторының шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгені үшін Ақтөбе қаласы, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Түгелбайқызына, діни оңалту бағытында жат ағымның алдын алу бойынша әртүрлі аудио-видеоуағыздар түсіріп, жамағатқа сол бағытта жоғары деңгейде насихат жүргізгені үшін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ералы Құлмағанбетұлына бас имамның атынан алғыс хаттар және «Шипагер» шипажайына жолдамалар табысталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру