Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл облыстық ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 04.12.2023 1040 0 пікір
Жамбыл облыстық ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Лудомания – ғасыр дерті» тақырыбында өңірдегі ақсақалдар кеңесінің форумы өтті.

«Ізгі қоғам» бағытына жауапты маман Есет Таласбаевтың ұйымдастыруымен өткен шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, мешіт имамдары, медресе-колледж шәкірттері, облыс әкімдігінің дін істері және жастар саясаты мәселелері басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Шара облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының кіріспе сөзімен ашылып, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаевтың «Лудоманияның қоғамдағы зияны» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты. 

Облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары Байлхан Нұрланұлы «Лудомания ойын-сауық емес, қоғамның қатерлі індеті» жайында, облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру-департаментінің ЖБ жедел уәкілі Асқар Қадырханұлы «Құмар ойындарға қатысты құқық бұзушылықтар» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Дүйсенұлының «Ойынқұмарлық жастарды құрдымға тартып барады» тақырыбында сөз сөйледі.

Жамбыл облысы бойынша эконикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Жағыпар Қожахметұлы «Қаржылық пирамида» турасында мардымды ақпарат беріп өтті. Көпшілік сауалдарын қойып, аталған тақырыптың түйінін тарқатты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру