Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы қаласының бірқатар мешітінде тағайындаулар болды.
Қасиетті жұмада Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Медеу аудандық мешітінде «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» тақырыбында жұма уағызын айтып, намаз жүргізді. Бұдан кейін жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Бұйрықта: «Данияр Әлимұхаммедұлы Жұмабаев 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы, Алматы қаласы, Бостандық аудандық «Бәйкен» мешітінің бас имамы қызметінен ауыстырылып, Медеу аудандық «Омар ибн Әл-Хаттаб» мешітіне бас имам болып тағайындалсын», - делінген.
Дәл сондай Бас мүфти бұйрығымен Медеу аудандық «Омар ибн Әл-Хаттаб» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Асан Әбдіқұлұлы Тілеубердиев Алматы қалалық мешітіне наиб имам қызметіне ауыстырылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
01.12.2023
5476
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру