Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам кәсіподақ өкілдерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 01.12.2023 1197 0 пікір
ШҚО: Бас имам кәсіподақ өкілдерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек Қасболатұлы ҚР Кәсіподақтар федерациясы «ШҚО кәсіподақтар орталығы» ұжымында кездесу жасады.

Шара «Ислам және ізгі қоғам» жылының аясында өткізілді. Кездесуде қоғамда белең алып, дертке айналған сыбайлас жемқорлық жайлы насихат айтылды. Бас имам сөз басында өкілдік тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен бірлесе отырып осы кеселдің алдын алу мақсатында – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу тәжірибесін кеңінен қолданып келе жатқандығын айта келе, ағарту жұмыстарын жүргізудің маңызына тоқталды.

«Бүгінде биік мінберлерден сыбайлас – жемқорлық індет, оған қарсы күрес – әркімге міндет деп ұрандатып айтып жүрміз, көптеген шаралар да қабылданып жатыр. Заң жүзінде жемқорды жауапкершілікке тартқан дұрыс, оған күмән келтірмейміз. Бірақ бұл салдарымен ғана күрес. Жемқорлықтың шыққан қайнары қоғамдағы рухани байлықтың құлдырап, материалдық құндылықтың алдыңғы орынға шығуының салдары. Сондықтан, біз өңірімізде жемқорлыққа қарсы күресті – азаматтарымыздың жүрегіне рухани ізгіліктерді, құндылықтарды сіңіруден бастадық. Рухани тұрғыдан бай адам, жемқорлы сынды лас істерді жанына жуытпайды» деген бас имам жемқорлықтың зияны оны исламда қалай тыйым салынғандығы туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар Ермек Қасболатұлы жат діни ағымдардың зардабы туралы да сөз қозғап, ұлттық құндылықтардың ұлағатты ұрпақ тәрбиелеудегі басымдылығын және кемеңгер Абайдың «Толық адам» ілімін игеру, рухани кемелдік жайлы нақты мысалдармен насихат айтып өтті. Кездесу барысында бас имам қойылған сұрақтарға жауап беріп, рухани әңгіме өрбітті. Жиынға қатысушылар тарапынан ШҚО өкілдігінің жасап жатқан шараларының жұртшылықтың оң бағасын алып отырғандығы жайлы айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру