Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғұламалар кеңесі мен РАНТ мүшесі Қарағанды жамағатымен жүздесті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 30.11.2023 1022 0 пікір
Ғұламалар кеңесі мен РАНТ мүшесі Қарағанды жамағатымен жүздесті

ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен елімізге белгілі дін ғалымы, Ғұламалар кеңесі мен РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев мешіт жамағатымен кездесті.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы «Әнет баба» мешітіне арнайы уағыз тыңдауға жиналған жамағатқа: «Діни басқармамыздағы білікті исламтанушы ғалымдарымызды сіздермен кездестіріп, асыл дініміздің құндылықтарынан білім алуларыңызға жағдай жасауға әркез дайынбыз. Бүгін, міне, баршаларыңызға белгілі Арман Қуанышбаев мешітімізге келіп, сіздермен салиқалы сұхбат құрып, сауалдарыңызға жауап бермек. Алла Тағала мешітімізде алған тәлім-тәрбие, насихаттарымызды игілікке асыруымызды нәсіп қылғай» деді. 

Сөз тізгінін қолына алған исламтанушы Арман Қуанышбаев ең алдымен «Ислам және ізгі қоғам», «Отбасы құндылықтары», ата-ана алдындағы міндеттер және жастар жайына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ адам болмысында кездесетін кемшіліктерді жою мен артықшылықтарын арттыруды Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәуіріндегі оқиғалармен сабақтастыра айтып, жалпы мұсылман адамның сипаты көпке үлгі-өнеге болуы керектігін тілге тиек етті.

Уағыз соңында белгілі ұстаз  мешітке жиналған жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру