Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Отбасыларға арналған семинар өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.11.2023 1188 0 пікір
Ақтөбе: Отбасыларға арналған семинар өтті

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі мен облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Тату отбасы – ел тірегі» тақырыбында отбасыларға арналған семинар ұйымдастырылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында өткен семинарға облыс бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Еуропа ассамблеясының құрметті мүшесі, заң ғылымдарының докторы, медиатор жаттықтырушы Светлана Балпеисова, облыстық дін істері басқармасының дін маманы, журналист Ақтолқын Тажикова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, айтыскер ақын Марат Ахметов, жас жұбайлар, үлгілі отбасылар, ақсақалдар мен әжелер, БАҚ өкілдері, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

Ізгі бастаманы облыстың бас имамы ашып, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясының маңыздылығына тоқталып, жас жұбайларға некенің құндылығы, жанұя жарасымына қол жеткізу жолдары туралы насихат айтты. Сонымен қатар Серікжан Еншібайұлы жас жұбайлардың некесін қиды. Ал некесін қиған жас жұбайлардың куәгері, ақын Марат Ахметов бүгінгі шараның құндылығы қоғам тұрақтығылығы аса маңызды екенін айта келе, тақырып аясындағы арнауын оқып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Одан өзге Еуропа ассамблеясының құрметті мүшесі Светлана Балпеисова 2023 жылы статистика бойынша отау құрған отбасылардың 1500 отбасының ажырасқанын баяндап, қоғам дертінен арылуға шақырса, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылған жастар үшін пайдасы зор семинар деді.

Үлгілі отбасылардың бірі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ықылас Асанұлы жұбайымен бірге келіп, үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастаған жас жұбайларға кеңесін айтып, ақ батасын берді. Отбасы құндылықтар жөнінде сабақ боларлық насихат айтып, қасиетті Құран аяттары және Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мен өсиеттерінен үлгі көрсеткен семинарға қатысушылар үшін орны бөлек азық болды.

Шара қорындысында салтанатты түрде жас жұбайларға «Нұр-Ғасыр» мешіті атынан неке куәлігі табысталып, естелік фотоға түсті. Айта кетсек, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы туралы БАҚ өкілдеріне облыстың бас имамы сұхбат берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру