Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Ізгі қоғам» имандылық кітап бұрышы ашылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 29.11.2023 1178 0 пікір
Шымкентте «Ізгі қоғам» имандылық кітап бұрышы ашылды

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен Ардагерлер кеңесіне қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы бірлесіп «Ізгі қоғам» имандылық кітап бұрышын ашты.

Игі шараға Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Тұран аудандық мешітінің бас имамы Ақтөре Тұрапбай және еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Негізгі мақсат –  зейнеткер ата-әжелеріміз қолы бос кездеріне аталмыш сауықтыру орталығындағы кітапханадан руханият, дін мен дәстүр т.б. құндылықтар жөнінде жазылған кітаптарды алып оқуы. Алдағы уақытта имандылық бұрышы «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптармен толықтырылады» дейді дінтанушы Мұхамеджан Естеміров.   

Айта кетсек, «Ізгі қоғам» имандылық кітап бұрышына ҚР Дін істер комитеті мен ҚМДБ-ның Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған кітаптар мен «Иман» журналы мен «Мұнара» газеттері қойылды.          

Жиын соңында Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ардагерлертың атынан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына және шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлына атқарып отырған жұмыстарына ризалық білдіріп, алғыс айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру