Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары жылдық есеп берді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 28.11.2023 1434 0 пікір
Маңғыстау имамдары жылдық есеп берді

Маңғыстау облыстық орталық  «Бекет ата» мешітінде өкілдікке қарасты аудан және қала мешіттерінің имамдары 2023 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша жылдық есеп берді.

Жыл басындағы бағдарлық баяндамасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялаған болатын. Маңғыстау өкілдігі аталмыш жыл аясында бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Осыған орай, мүфтият бекіткен 5 бағыт негізіндегі жоспарға сай Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы өкілдікке қарасты қала және  аудан имамдарының жылдық есебін тыңдап, 2023 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылады.

Сондай-ақ, мүфтият жоспары мен өкілдіктің жылдық жоспарын қалтқысыз орындап, дін қызметінде белсенділік танытқан имамдардың еңбегі елеусіз қалмады. Дін қызметкерлерін ынталандыру мақсатында үздік мешіт ұжымдары мен имамдар марапатталды. Олар:

«Үздік ұстаз-2023» – Марат Жарылқапұлы;

«Үлгілі мешіт-2023» –  Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешіті;

Атаулы шаралар бойынша «Үздік мешіт-2023» – Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешіті;

«Үздік мешіт-2023» – Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа»мешіті;

«Белсенді имам-2023» – Дүйсенбаев Адайбек.  

«Біздің мақсатымыз – исламның тазалығын, оның өзіндік сұлулығын халыққа жеткізе білу. Егер ісіміз нәтижелі болса соңында халықтың өзі-ақ ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білетін болады. Сондықтан, дін қызметін жанашырлықпен, абыроймен атқаруларыңызға тілектестігімді білдіремін» деген бас имам Әнуар Ізімбайұлы аталмыш жылда белсенді атқарылған игі жұмыстар үшін алғыс білдіре отырып, келер 2024 жылы бұдан да жоғары деңгейде жұмыс атқарылуы керектігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру