Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бөлім меңгерушісі – Ақтөбе өңірінде

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 27.11.2023 1198 0 пікір
Бөлім меңгерушісі – Ақтөбе өңірінде

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков өткен аптада Ақтөбе облысына арнайы іссапармен барды.

Бөлім меңгерушісі алдымен жұма намазға жиналған жамағатқа облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Смайыл Сүйерқұлұлы әлемдердің Раббысы Алла Тағала бүкіл жаратылысты жоқтан бар етіп, оларды иләһи жүйе мен тәртіпке бағындырып қойғандығына тоқталып, бірінші: жеке бастың тәртібі, екінші: отбасылық тәртіп, үшінші: қоғамдық тәртіп екендігі туралы жіті баяндады.

Бұдан кейін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен имам-ұстаздар мен теологтардың білімін жетілдіру мақсатында «Ислам тарихы» тақырыбында семинар өтіп, оны ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков жүргізді.  Аталған семинарды облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, аталған дәрістің дін мамандары үшін маңыздылығына тоқталды. РАНТ мүшесі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  шежіресінен бастап, әділетті 4 халифаның отбасы туралы жеке-жеке тоқталып, аталған төрт халифаның кезеңіндегі кейбір тарихи деректерде келетін мәселелерді кеңірек түсіндірді. Төрт сағатты қамтыған семинар өте қызықты һәм тартымды өтіп, қатысушылар тапжылмай тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды. Шара қортындысында семинарға қатысушыларға бөлім меңгерушісі мен облыстың Бас имамы атынан сертификат табысталды. Айта кетсек, РАНТ мүшесі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Сондай-ақ Смайыл Сүйерқұлұлы Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттерімен кездесті. Басқосуға аталған ЖОО-ның президенті, ҚМДБ Ақсқалдар кеңесінің мүшесі Бекежан қажы Аханұлы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли, оқу орнының ұстаздары мен студенттері т.б қатысты. Болашақ медицина мамандарымен «Дін мен дәстүр – тәрбие негізі» атты тақырыпта өткен кездесуде ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі ата-баба дәстүрінің ұрпаққа өнеге екені, жастық кезеңнің маңыздылығы туралы сөз қозғап, жастарды жақсылап білім алып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар түрлі жат ағымдардың жетегінде кетпеудің бірден-бір жолы ретінде діни ақпараттарды дін қызметкерлерінен алудың маңыздылығына тоқталды. Одан өзге қазақ даласының Ислам дінінің келуі, Әл-Фараби бабамыздың еңбегі туралы баяндады. Ал қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі туралы айта келіп, зиянды істерден ада болу туралы түсіндірді.

Кездесу қортындысында РАНТ мүшесі нәпсіні тәрбиелеудің жолдарын баяндап, дін тақырыбында қойылған студенттердің сұрақтарына толыққанды тұщымды жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру