Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басындағы бағдарлық баяндамасына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінде діни оқу-ағарту бағыты бойынша имамдардың білімін жетілдіруге арналған 3 күндік курс өтті.
Имамдарға оқу ордасының проректоры Қайрат Құрманбаев бастаған ұстаздар, ғалымдар мен оқытушылар – Алау Әділбаев, Ерғали Алпысбаев Ерғали мен Ернар Есімқұлов дәріс оқыды. Курста хадис ілімі, ханафи мәзһабының негіздері, фиқһ, фиқһ усулі және ислам тарихы пәндерінен дәріс берілді.
3 күндік дәрітің соңында имамдарға проректор Қайрат Құрманбаев пен Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы сертификат табыстап, ары қарай білімдерін ылғи нығайтып отыруына тілектестігін білдірді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
27.11.2023
3191
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру