Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИМАМДАРҒА «КӨРКЕМ УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 27.11.2023 1233 0 пікір
ИМАМДАРҒА «КӨРКЕМ УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен шаһар имамдарына жылдық жоспарға сай «Көркем уағыз айтудың әдебі»  тақырыбында семинар өткізілді.

Сонымен қатар қала имамдарына арналған семинарда ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Алмалы ауданының бас имамы Ерсін Бекайдарұлы, Дінтанушы, «Таугүл» мешітінің бас имамы Ернар Мәжен баяндама жасады. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы уағыз айтудағы жауапкершілік, уағыз айту барысында көркем сөйлеу мен дәйекті сөздермен жеткізу жайлы және тағы басқа да мәселелерде жамағатқа ислам құндылықтарын жеткізудегі әдістемеге тоқталды. Ерсін Әміре насихат айту кезінде дін қызметкерлері ескеруі тиіс ережелер мен қағидаларға тоқталса, Ернар Мәжен риторика ілімі жайлы сөз қозғады.

Семинар соңында ҚМДБ «Тawaf Travel» қажылық компаниясының директоры Бектемір Қуандықұлы 2024 жылғы қажылық ерекшеліктері мен дайындықтары туралы пысықтады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру