Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Қыздар арасында волейбол жарысы өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 27.11.2023 1300 0 пікір
Ақмола: Қыздар арасында волейбол жарысы өтті

Ақмола облысының жергілікті мешіттері жанынан жасақталған әйел-қыздардың волейбол командалары өзара сайысқа түсіп, кіл жүйрікті таңдады.

Жарысқа барлығы жеті команда қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттаудың айқын үлгісі болған спорт жарысы тартыстылығымен есте қалды. Ешкім жеңілістің ащы дәмін татпау үшін барын да, жанын да салды. Әр ұпай үшін жанталасып бақты. Волейбол – таланттардың ойыны. Допты құлаштап ұруға да өнер керек. Қыздардың осындай өнерді жіті меңгергендері қуантты.

Қызықты өткен жарыста бас жүлдені Қосшы қаласының командасы иеленді. Ал, Бурабай ауданының «Шамшырақ» және Көкшетау қаласының «Науан хазірет» командалары қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті. Жарысты ұйымдастырушылар Жанар Манапты «Ең үздік байланыстырушы», Бақытнұр Мейірбанды «Ең үздік либеро» және Зарина Ортайды «Ең үздік шабуылшы» деп танып, оларға да марапаттар берді. Жалпы жүлде алған барлық командалар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру