Астана төрінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылып жатқан «ALAYAQ.NET» – алаяқтыққа қарсы және халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі республикалық жастар қозғалысының алғашқы Халықаралық форумы өтті.
«ALAYAQ.NET» жобасының мақсаты – алаяқтықты әшкерелеу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Форум жұмысына жобаның негізін қалаушы Әбдірәш Абылайхан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев, Астана қаласы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшылығының орынбасары Жеңіс Аманбеков, сондай-ақ ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы және белсенді жастар қатысты.
Сектор меңгерушісі арнайы сөз сөйлеп, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында 2023 жылды діни сала үшін «Ислам және згі қоғам» жылы деп жариялағанын айтып өтті.
«Соңғы кезде коғамда алаяқтық фактiлерi жөнiнде жиi айтылуда. Өкінішке орай, қаскүнемдердiң қарапайым халықтың маңдай терімен тапқан табыстарына қол сұғуда, ештеңеден тайынбайтын жағдайлар көрiнiс беруде. Сонымен қатар, аталмыш қылмыскерлер өздерінің арам ойларын іске асырып оңай олжаға кеңелу жолында елдiң сенiмiне кiруге барынша тырысуда және мақсаттарына жету үшін түрлі тәсiлдердi колдануда. Осыған орай, ҚМДБ аталған мәселені ескере отырып, имамдардың уағызында кісі ақысына қол сұғудың зардабы жөнінде айтылып келеді және айтыла береді» деді Бағыжан Ерболатұлы.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру