Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Қасапшыға арнайы куәлік берілді

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 22.11.2023 1041 0 пікір
Жетісу: Қасапшыға арнайы куәлік берілді

Бүгінгі таңда елімізде халал индустриясы қарқынды түрде дамуда. Оның ішінде ет бағыты үлкен сұранысқа ие. Осы тұста білікті қасапшылардың атқарар рөлі айрықша болып отыр. Аталмыш бағыттың дамуына, бірізділікке түсуіне ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің еңбегін атап өтпеуге болмас.

«Халал Даму» мекемесінің Жетісу облысындағы жауапты маманы Ордыбайұлы Мұхаммедтің ұйытқы болуымен қасапшы маман Мұхит Әлімбекұлына арнайы семинарда білімін жетілдіріп, мүфтияттың куәлігін иеленді. Арнайы сертификат пен қасапшы деген куәлікті облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы орталық «Иман» мешітінде табыстады.

Жалпы ҚМДБ «Халал Даму» ұйымы үшін қасапшылық – әр кез актуалды мәселе. 2015 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін 300-ден астам қасапшы «Халал Даму» ЖШС атынан арнайы сертификатқа және куәлік пен мөрге ие болған. Арнайы оқытылған қасапшылар мал союдың шариғатымыз қойған талаптарын терең меңгеріп қана қоймай, малды сойылғанға дейін жемдеу, малды сойяр алдын тыныштандыру, гуманды тәсілмен малды бауыздау сияқты қасапшылықтың нәзік тұстарын қамтып өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру