Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ГАЗА АЙМАҒЫНАН ЕЛГЕ ОРАЛҒАНДАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 22.11.2023 2024 0 пікір
ГАЗА АЙМАҒЫНАН ЕЛГЕ ОРАЛҒАНДАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы өкілдігі Палестина жері – Газа аймағынан келген мұсылман бауырларға алғашқы жәрдем көрсетті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен қауіп-қатерден өтіп, қиындық көрген Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне қыстық жылы күртешелер мен аяқ киімдер, жылы жейделер үлестірілді. Газа аймағынан елге оралғандарға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігінің жауапты маманы Бауыржан Көптілеуовтің айтуынша, қайырымдылық шарасына жалпы көлемі 5 800 000 теңге қаражат жұмсалды.  

Айта кетсек, 3 күн бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Сыртқы істер министрлігі қауіпті аймақтағы қазақстандықтарды отанына қайтаруды жүзеге асырды, деп хабарлады Аlmaty.tv тілшісі. «Газа секторында қалып қойған 99 жолаушы – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге оралды. 17 қарашада Алматыға арнайы эвакуациялық бортпен жүздеген адам жетті. Олар елге оралғанына қуанышын жасырмады», - делінген ақпаратта. 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру