Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Имамдар садақ атудан сайысқа түсті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 21.11.2023 1227 0 пікір
Павлодар: Имамдар садақ атудан сайысқа түсті

Павлодар қалалық «Ғазиз» мешітінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» жобасы бойынша дін қызметкерлері арасында садақ ату ұлттық спортынан жарыс өтті.

Жарыстың негізгі мақсаты – дін қызметкерлері арасынан үздік садақшыны анықтау, ұлттық ойынды жандандыру. Сондықтан да жарысқа міндетті түрде ұлттық киіммен қатысу талабы қойылып, үздік ұлттық киім көрсеткіші де сарапқа түсті. Жарысқа әрбір аудан және қала мешіттерінен дін қызметкерлері қатысты. Садақ ату жарыс қызықты да тартымды өтті, қатысушылар аса белсенді болды.

Жарыс соңында үздік үш орынға кубок, ақшалай сыйлықтар табысталды. 1-орынды қалалық «Ақмешіт» мешітінің өкілі Ержан Рашидұлы, 2-орынды Ақтоғай ауданы мешіттерінің өкілі Азамат Қайратұлы, 3-орынды Павлодар ауданына қарасты мешіттерінің өкілі Ален Бауыржан иеленіп, жарыс кубогы және ақшалай 100 мың, 70 мың, 50 мың теңге көлемінде сыйлықтарды қанжығасына байлады.

Ал ең үздік ұлтық киім көрсеткіші бойынша Павлодар ауданының қатысушысы Саят Күсенұлы үздік атанып, алғыс хат және 30 мың теңгемен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру