Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Әжелер мектебін жаңғырту – қоғам талабы

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 20.11.2023 1207 0 пікір
Жетісу: Әжелер мектебін жаңғырту – қоғам талабы

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен мүфтияттың жылдық жоспарына сай орталық «Иман» мешітінде «Игі ана – ізгі қоғам негізі» тақырыбында «Әжелер мектебін» жаңғыртуға бағытталған танымдық семинар өтті.

Шараға облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы, мешіт жанындағы облыстық әжелер алқасының мүшелері, аналар бірлестігінің мүшелері, мешіттің ұстаздары мен әйел жамағаттары қатысты. 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, «Әжелер мектебін» жаңғырту мақсатында өткен шарада бас имам Керімбек Сәрсембайұлы «Әйел адамның исламдағы мәртебесі мен қоғамдағы рөлі» тақырыбында насихат айтты. Шараға қонақ болып келген үлкен аналарымыз ұрпақ тәрбиесіне тоқталып, оның ішінде ата-бабаларымыздың қыз балаға, оның  ибалылық мінезіне ерекше мән бергендегі хикметін түсіндірді. Өз кезегінде өңірдің Әйел-қыздар секторына жауапты маманы Әйгерім Атымтайқызы жиылған көпшілікке «Отбасы құндылығы» тақырыбында баяндама жасады.

Жиын барысында облыс имамы әйел қауымының тәрбиесінде және мешіт шараларында белсенділік танытқан аналарымызды алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтармен табыстады. Жиын соңында ақжаулықты әжелерімізге дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру