Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Есту қабілеті төмен балаларға семинар өтті

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 15.11.2023 1119 0 пікір
Жетісу: Есту қабілеті төмен балаларға семинар өтті

Бүгін ҚМДБ Жастар ісі секторының Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен мүфтияттың жылдық жоспары аясында Талдықорған қаласының облыстық №1 балабақша мектеп-интернат арнайы кешенінде «Діннен адасқандар теріс ағымда» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға интернат оқытушылары және білім алушы шәкірттер қатысты. Шараға арнайы келген облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы тыңдаушыларға тақырып аясында «Жат ағымнан сақтану жолдары», «Дәстүрлі дініміздің асылы» жайында  насихат айтты. Бас имам қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, діни ақпарат алуға болатын сайттар жайында да айтып өтті.

Кездесу барысында арнайы видеоматериалдар көрсетілді. Сондай-ақ есту қабілеті зақымданған білім алушыларға сурдо-аудармашы түсіндірме жүргізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру