Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Құран курсының тағы бір шәкірті қари атынды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 14.11.2023 1258 0 пікір
Жамбыл: Құран курсының тағы бір шәкірті қари атынды

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде ашылған «Қарилар курсы» осымен кезекті тағы бір шәкіртін қари етіп шығарып отыр.

Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев мешіт жамағаты алдында жас қариды марапаттап, оның ұстазы Бірлік Амангелдіге алғыс білдірді. 

Қари атанған Дильшот Зиевидинов – 2004 жылғы азамат. Білім алып, Құран жаттау үшін Қазақстандағы туыстарынан естіп, Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласынан Тараз шаһарына арнайы келген. 

Білім жолындағы сапары мен талпынысы ақталып, 2022 жылы Құранды жаттап бастаған жігіт 2023 жылы толық бітірді. Яғни 1 жыл 2 айда жаттап шыққан қаридың ендігі мақсаты – келер жылы медресе-колледжге оқуға түсу. Алыстан ат терлетіп келіп, білімге ден қойған жасқа мешіт ақсақалдары батасын беріп, көпшілік тілектерін жаудырды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру