«Ислам және ізгі қоғам» жылына орай ҚМДБ Жастар ісі секторының ШҚО өкілдігі жастар арасында «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысын ұйымдастырды.
Жастардың жүрек төрінен орын алған бірегей білім сайысы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтті. Сайысқа облыстық «Халифа Алтай» және Өскемен қаласындағы мешіттердің жастар жамағаты қатысып, діни білімдерін сарапқа салды.
«Жастардың діни білімін шыңдап, олардың рухани сауаттылығын арттыру басты мақсатымыз. Біз дініміздегі әр адам білуі тиіс сұрақтарды қамтып осы сайысты өткізіп отырмыз. Сайысқа жас жамағаттар белсенді қатысуда» дейді ұйымдастырушылар.
Қызықты әрі тартысты өткен білім сайысына ҚМДБ «Уақып» қорының ШҚО өкілдігі демеушілік жасап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлықпен марапатталды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
14.11.2023
4054
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру