Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Аймақтық Құран жарысы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 13.11.2023 1756 0 пікір
Шымкент: Аймақтық Құран жарысы өтті

Шымкент қаласының Абай ауданындағы «Дін Ислам» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында дін жанашыры марқұм Сансызбай Қарсақбайұлын еске алу құрметіне арналған аймақтық Құран жарысы өтті.

Жарысқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы арнайы қатысып,  барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы жарысқа 100 қари қатысты. Жарысқа елімізге белгілі қари ұстаз Сәдуақас қари Олжабай, әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Ықылас Майлан, Кәлімжан қари Юлдашев, Мейірбек қари Сәрсенбаев төрелік етті.

Қатысушылар үш аталым негізінде жарысқа түсіп,  нәтижесі төмендегідей болды:

10 пара:

1-орын: Мұхаммедәли Шакиров

2-орын: Нұрислам Тұржанов

3-орын: Жандолла  Мұратов

 

20 пара бойынша:

1-орын: Махмуд Мырахмет

2-орын: Арсен Есімбек

3-орын: Әбілқайыр Жұбан

 

30 пара бойынша:

1 -орын: Исламнұри Сержанұлы

2-орын: Абдулазиз Илхамжанов

3-орын: Нұртілеу Сейтқасым

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа марқұм Сансызбай Қарсақбайұлының ұрпақтары  демеушілік көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша  үш аталым бойынша бірінші орын иегерлеріне ұмра қажылығына жолдама сертификаты табыс етілді. Ал қалған жүлдегерлерге алғыс хат пен  қаржылай сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру