Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сектор меңгерушісі әйел жамағатына насихат айтты

ummet.kz 13.11.2023 1612 0 пікір
Сектор меңгерушісі әйел жамағатына насихат айтты

Елордадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Ұрпақ тәрбиесінің алтын қазынасы – әйел адам» тақырыбында семинар өтті.

Мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубы мен мешіт ұстазы Айгерім Қадылдың ұйымдастыруымен өткен семинарға аранйы қонақ ретінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы қатысты. Ұстаз Динара Құтқожақызы мешіттің әйел жамағатына  «Мұсылманның келбеті қандай болу керек?» тақырыбы бойынша көркем насихат айтты.

Уағыз барысында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолынан ғибратты мысалдар мен хадистер келтіріп, қасиетті Құрандағы жұмсақтық пен мейірімділікке қатысты түрлі сүрелерден талдау жасады. Сондай-ақ, мұсылман адамның рухани құндылықтарды дүниелік істерден жоғары қою керектігін, мұсылманның уәдесіне берік болуын, жалқаулықтан ада болуымыз керек екенін, жалқаулықтың қасиетті Құранда екіжүзділердің негізгі сипаттарының бірі ретінде сипатталатының тілге тиек етті.

Құлшылық жасауда, адамдарға жақсы амал мен жақсылық етуде ең үлгілі мұсылман болуға шақырған сектор меңгерушісі әйел жамағатымен бірге еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығын тілеп, дұға жасады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру