Жамбыл облысының Жастар ісі секторына жауапты маман Есет Тұрдыбайұлының ұйымдастыруымен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде студенттер арасында DINTELLECT зияткерлік білім сайысы өтті.
Білім додасында аталған оқу орнының директоры әрі Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, директордың орынбасары Бақтияр Амиреев, ұстаз Дархан Тастанбеков әділ қазы алқасының құрамында жүйріктерді анықтаса, Есет Таласбаев модераторлық етті.
Сайысқа әрқайсысы 5 қатысушыдан тұратын 5 топ қатысты. Тартысты әрі қызыққа толы өткен сайыста жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Нәтижесінде, үздіктер анықталып, төмендегі топтар жүлделі болды.
І орынды «Ашғарилар» мен «Шәкірттер» тобы иеленіп, жеңімпаз атанды. Ал ІІ орын «Матурудилер» тобына бұйырса, ІІІ орынды «Ханафи» тобы місе тұтты. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
12.11.2023
2864
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру