Түркістан облысында дін қызметкерлерін кезекті республикалық аттестаттау өтуде.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес, имамдардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыру, үздіксіз ізденісте болуға ынталандыру - Діни басқарманың басты назарынан түскен емес.
Осы ретте аттестаттаудың негізгі мақсаты – ҚМДБ діни қызметінің кадрлық құрамын қамтамасыз ету, имам-молдалардың білім сапасын көтеріп, функционалдық міндеттерін іске асыруда тұлғалық және кәсіби дайындығын арттыру. Осыған сәйкес Түркістан облысының дін қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу іс-шарасына өңірдің мыңнан астам имамдары қатысуда.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
12.11.2023
3294
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру