Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Баймырза ауылында жаңа мешіт ашылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 12.11.2023 1500 0 пікір
Қарағанды: Баймырза ауылында жаңа мешіт ашылды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданына қарасты Баймырза ауылында жаңадан салынған мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Игі іс-шараға Қарағанды облысының бас имамы Естай  Айтуғанұлы, «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы, аудан имамы Рүстем Мұратұлы, аймақтың зиялы қауымы мен жергілікті тұрғындары және ақсақалдары  қатысты.

Құлшылық ордасының ашылу рәсімінде облыс бас имамы: «Мешіт – мейірімділік мекені, руханияттың ортасы. Қоғамды ізгілікке шақырып, ибалы болуға үйрететін мектеп.  Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін» дей келе, осы мешітті бастап, оны халықтың игілігіне берген азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ жаңа мешіттің ашылу салтанатында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақсақалдар сөз сөйлеп, бата берді.

Айта кетейік, Баймырза ауылында жаңадан ашылған мешітте 100 адам еркін ғибадатын өтей алады. Астана- Қарағанды тас жолында орналасқан мешіт намазхана залынан бөлек, имамдар бөлмесі және дәретханасымен қамтылған.

Ашылу салтанатынан кейін жиналған жамағатқа қазақы киіз үйде ас беріліп, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру