Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Janzeto» кондитерлік өнімдері сертификатталды

halaldamu.kz 11.11.2023 910 0 пікір
«Janzeto» кондитерлік өнімдері сертификатталды

Астана қаласындағы «JANZETO» кондитерлік өнімдері сертификатталды.

Кондитерлік дәмхана иесі діни басқармаға арнайы келіп, «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлының қолынан «QMDB HALAL» сертификатын алды.

«Елордасы Астанада халал дәмханалар, соның ішінде кондитерлік бағыттағы тамақтану орындары артып келеді. Кондитерлік кәсіпорын –мұқият тексеріс пен бірқатар лабораториялық зерттеуді қажет ететін халал саласындағы күрделі бағыттардың бірі. Себебі, өнім әзірлеуде қосылатын түрлі дәмдеуіштер, әрлегіш құралдар, бояғыштар көп. Соған қарамастан, «JANZETO» кондитерлік дәмханасы «Халал Даму» мамандарының толыққанды аудитінен өтіп, «QMDB Halal» сертификатына ие болып отыр. Кәсіптеріңізге береке тілейміз, халал өнімді тұтынушылар көп болсын!», – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын өкіліне ізгі тілегін білдіріп, екіжақты жұмыс мұнымен тоқтамайтынын жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру