Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Көктерек ауылында мешіт ашылды

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 11.11.2023 1329 0 пікір
Жетісу: Көктерек ауылында мешіт ашылды

Жетісу облысы Сарқан ауданының Көктерек ауылында жаңа мешіт ашылды.  

Құрылыс 2022 жылы басталып, осы жылдың қазан айында жұмысын бастады. 300 адамға ықшамдалып тұрғызылған мешітте үлкен намаз бөлмесі, дәрісхана, құран оқу бөлмесі, имам бөлмесі, қызметтік бөлмелер бар.

Құлшылық үйінің салтанатты ашылу рәсіміне ҚМДБ Жетісу облысының наиб имамы Нұрлан Жұманұлы қатысып, ауыл халқына Діни басқарма тарапынан сәлемдеме айтып, мешітке Құран мен сый-сыяпат берді. Салтанатты шараға аудан әкімнің орынбасары, аудан-ауыл зиялылары, ауыл халқы қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру