Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАЗІРЕТ ОСМАН АТЫНДАҒЫ ЗӘУЛІМ МЕШІТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 11.11.2023 1553 0 пікір
ХАЗІРЕТ ОСМАН АТЫНДАҒЫ ЗӘУЛІМ МЕШІТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Күндердің сұлтаны қасиетті жұмада Қызылорда қаласында бой көтерген «Хазірет Осман» мешіті ашылды.

Салтанатты рәсімге Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары, өңірге сыйлы азаматтар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Ашылу құрметіне ұйымдастырылған шара Құран аяттарымен басталып, жанашыр жандардың жүрекжарды лебіздерімен жалғасты. Мешіттің құрылысына атсалысқан азаматтар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ жаңа мешіттің имамдық қызметіне «Айтбай» тарихи мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Нұрсейітов тағайындалды. Кейін жиылған жамағат алғашқы жұма намазын оқыды.

Айта кетейік, 2021 жылы Әл-Фараби тұрғын ауданында құрылысы басталған жаңа мешіт кәсіпкер Ербол Османбекұлының демеушілігімен жүргізілді. Сыйымдылығы 1200 адамға арналған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру