Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола имамдары біліктілігін көтерді

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 09.11.2023 1417 0 пікір
Ақмола имамдары біліктілігін көтерді

Көкшетаудағы «Науан хазірет» мешітінде Ақмола облысының аудан-қала имамдарына арналған екі күндік оқыту семинары өтті.

Семинар тақырыбы – «Зияткер имам – заман талабы». Бұл бүгінгі күні дін қызметкерлерінің уақыт талабына сай жұмыс істеуіне ықпал ететіні анық. Себебі, имам адамның жан-жақты болғаны абзал. Олар дін оқуын ғана емес, зайырлы қоғамның білімімен де сусындағаны аса маңызды. Елдің тарихын, дәстүрі мен салтын білген имам шариғаттың да халыққа орайлы жетуіне себепкер болады. Міне, аталған оқыту семинары осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.

Бұған арнайы дәріс оқитын мамандар шақырылды. Құран тағылымы, діни рәсімдердің ата салтымызбен астасуы сияқты салалар кеңінен әңгімеленді. Өз кезегінде дін қызметкерлері де көп мағұлмат алды. Семинар қорытындысында облыс бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы имамдарға арнайы сертификаттар табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру