Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Зекетке жауапты имамдардың жиыны өтті

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 09.11.2023 1186 0 пікір
Жетісу: Зекетке жауапты имамдардың жиыны өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өңірдегі екі қала, сегіз ауданнан зекетке жауапты мамандар жылдық қорытынды жиналыста бас қосты.

Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы зекеттің маңыздылығын насихаттай келе, осы уақытқа дейін еңбек еткен қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Жетісу облысы бойынша зекетке жауапты өкіл Омар Хадысұлы осы уақытқа дейін атқарылған  шараларды қорытындылай келе, күздік жиын кезіндегі өнімдері нисапқа жеткен бай-ауқатты жандарға зекетті насихаттау керектігін тапсырды.

Зекет өкілдері жылдық еңбектерінің марапатын алып, жаңа тапсырмаларды жаңа деммен атқаруға деген ынта-ықыластары тасып тарасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру