Алматы қаласы Әуезов ауданы «Ақсай» мешітінің әйелдер жамағатының ұйымдастыруымен Орталық мешітте ене мен келін татулығы төңірегінде сөз қозғалған ғибратты кеш өтті.
Дін мен дәстүр дәріптеліп руханият ордасы болып жүрген Орталық мешітке татулығы жарасқан енесі мен келіндері рухани кездесуге келді. Мешітте дәріс алып жүрген, өнегелі аналардың қатысуымен өте әсерлі де, ғибратқа толы кездесу болды. Кеште енелер жас келінді мейіріммен баурап, қателікке кешіріммен қарайтын тұстарын баяндап берді. Текті әулеттің қайдан шығатынын, түп-тамыры имандылықта жатқан тәрбие көздеріне тоқталды. Тәжиребемен жинақталған өнеге бүгінгі келінге таптырмас жәдігер екені айтылды.
Кеш соңында қатысушы ақ жаулықты әжелер бата беріп, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Сүлейменова қатысушыларға алғысын білдірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
06.11.2023
3442
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру