Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРАҒАНДЫДА «ЗИЯТКЕР ИМАМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 06.11.2023 1348 0 пікір
ҚАРАҒАНДЫДА «ЗИЯТКЕР ИМАМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде шет елдік білікті ұстаздардың қатысуымен облыс имамдарына арналған «Зияткер имам» халықаралық семинары өтті.

Семинарға елордадағы «Хусамуддин ас-Сығанақи» атындағы ислам институтының оқытушылары PhD, профессор Ясир Ахмед Мурси Мухаммед Сетохи және Махмуд Мухаммед Махмуд Мухаммед Хассан арнайы қатысып, дін қызметкерлеріне дәріс оқыды. Семинарға облыс бойынша 30-дан астам дін қызметкері қатысып, білімдерін жетілдірді. 

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы имамдарға семинар өзектілігін айтып, білімді болуға, дін жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Семинарда шет елдік ұстаздар «фиқһ», «Ақида» пәні бойынша өзекті тақырыптарға тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дін қызметкерлерінің әдебі мен ұстанымын, этикасын баяндап өтті.

Жиын барысында имамдар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, білікті ұстаздардан тұшымды жауап алды. Семинар соңында барлық имамдарға арнайы сертификат табысталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру