Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар:  «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 06.11.2023 1487 0 пікір
Павлодар:  «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті

ҚМДБ Жастар ісі секторы Павлодар облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық «Достық» үйінде «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті.

Сайысқа әрбір аудан және  қалалық мешіттерден бір-бір үміткер қатысып, олар 5 топқа бөлініп өзара білім жарыстырды. Білім сайысында  адам, қоғам, өмір, дін мен дәстүр, шариғат қатарлы мол ауқымды қамтыған сұрақтар арқылы дін қызметкерлерінің білімі сарапқа түсті. Алайда сайысқа қатысушылар өздерінің білімді де білікті, болашақта биіктерді бағындыра алатын жастар екендігін көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша Ақсу, Аққулы, Баянауыл аудандары және қалалық «Бижан» мешітінің біріккен «Фирдаус» тобы 1-орын, Успен, Тереңкөл аудандары және қалалық «Ақмешіт» мешітінің біріккен «Хикмет» тобы 2-орын алса, 3-орынды  Майқайын кенті және қалалық «Омар Фаруқ», «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінің біріккен «Ихсан» тобы иеленді.

 Жеңіске жеткен команда республикалық «DINTELLECT» сайысына қатысады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру