Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Жас барыс» турнирі өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 31.10.2023 1747 0 пікір
ШҚО: «Жас барыс» турнирі өтті

ҚМДБ бастамасымен жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Салтты сақтап, дәстүрді дәріптейік» онкүндігінің шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мешітінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен оқушылар арасында «Жас барыс» турнирі өтті.

«Қазақ күресі турнирін өткізу мақсатымыз бұқаралық спортты дамыту, қазақ күресін насихаттау және балаларды салауатты өмір салтына баулуға бағытталып отыр. Ұлттық спортты жастарға насихаттасақ өміршең болады. Қазақтың ұлттық күресі қазіргі уақытта жасөсіпірімдер арасында да қанатын кенге жайып келеді. Спортпен айналысу, шынығу – Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамдарымыздың сүннеті. Бүгінгі жарысқа жас палуандар тыңғылықты дайындықпен белсенді қатысты» деп атап өтті Шемонаиха ауданының бас имамы имамы Ибрагим Еркінбайұлы.

Мәуліт айы құрметіне ұйымдастырылған сайыс Шемонаиха қалалық спорт сарайында өтті. Бәсекеге ауданның белгілі спортшылары мен қазақ күресінің мамандары жанкүйерлік жасады. Спорт сарайына сайысты тамашалауға халық көп жиналды. Боз кілемде жасөспірім палуандар белдесіп, қазақ күресінің мәртебесін асырып, көрермен жамағатты қызыққа бөледі. Өзінің ептілдігімен күшімен жеңімпаз болған жас палуандарға аудандық мешіт атынан ақшалай сыйлықтармен қатар марапат ұсынылды. Аудандық мешіт өткізген бұл шараны халық та жақсы қолдап, ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру