Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Ұлттық нақышта қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 31.10.2023 1516 0 пікір
Абай: Ұлттық нақышта қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Өткен аптада қасиетті жұма қарсаңында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Абай облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен ұлттық нақышта қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге «РУХ САНА» академиясы мен қалалық мектептер өз үлестерін қосты. Көрмеге ақын-жазушыларымыздың кітаптары, қазақы оюмен өрнектелген құрақ көрпелер, әртүрлі әшекей тастан, ағаштан ойылып жасалған бұйымдар мен кестеленген ерекше үлгідегі сөмкелер қойылды. Көздің жауын алатын бұйымдар көпшіліктің қызығушылығын тудырып, қол өнер шеберлігіне таңданыстарын білдіріп жатты.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкеден түскен қаржы түгелдей қайырымдылыққа жұмсалатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, орталық мешіт алаңында  «Халал Даму» орталығының өңірлік филиалы да халал өнімдердің жәрмеңкесін өткізіп, жамағатқа адал асты тұтынуды ұсынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру