Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда жастар арасында зияткерлік сайыс өтті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 30.10.2023 1550 0 пікір
Атырауда жастар арасында зияткерлік сайыс өтті

Атырауда Республика күні мерекесіне орай мешіт жамағаты арасында «Dintellect» зияткерлік білім сайысы өтті.

«DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы жастардың зияткерлік деңгейін арттыру және ислам туралы білімін көтеру мақсатында өткізілді. Сайысқа облыс мешіттері арасынан жеті команда қатысып, өзара бақ сынады. Білім сайысында Ислам тарихы, пайғамбарлар мен сахабалар өімірінен және Қазақстан тарихы, әлем тарихы мен қазақ әдебиетінен сұрақтар қойылды.

Сайысқа қатысқан Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы білім сайысы озық ойлы жастарға қолдау көрсету екенін айтты.

Білім додасының қорытыныдысы бойынша, бірінші орынды «Тәуелсіздік» тобы, екінші орынды «Ықылас» тобы, үшінші орынды «Республика» тобы иеленді. «Тәуелсіздік» тобына Астанада өтетін Республикалық «DINTELLECT» білім сайсына жолдама берілді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру