Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Имамдарға арналған семинар өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 30.10.2023 1256 0 пікір
Қызылорда: Имамдарға арналған семинар өтті

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің имамдарына арналған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» семинар өтті.

Қалалық «Хазіреті Әли» мешітінде өткен семинар аясында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев «Имам және ихсан» тақырыбында дәріс жүргізді.

«Алланың дініне қызмет ету барысында әсерлі сөз айтып, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әуелі дін қызметкерінде үлгі боларлық мінез бен тұлғалық бейне тұру қажет. Дін қызметін жасайтын адам елдің ішінде көркем мінезі, білімі, ізгі амалдары арқылы танылуы лазым. Имам – жетекші, басшы, ұстаз, данышпан деген мағыналарды бір бойына қамтиды. Олай болса, имам сөзімен бірге ихсан сөзі де қатар жүреді. Имамдық қызметті ихсан дәрежесінде жасау – ортақ құндылығымыз екенін ұмытпайық»,- деді Қайырбек Тоқтықбайұлы дәріс соңында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру