Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Алла елшісінің есімі ұлықталған күн

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 30.10.2023 1283 0 пікір
Абай: Алла елшісінің есімі ұлықталған күн

ҚМДБ Абай облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Семей қалалық Мәдениет үйінде «Ізгілік жаршысы – Әз Пайғамбар» атты рухани Мәуліт кеші өтті.

Руханиятты байытуға арналған мәуліт кешінің биылғы басты ерекшелігі – мерекелік шараны «Өнер қырандары» театрының жүргізуі болды. Сондай ақ, ұлттық дәстүрімізде бар мәуліт жыры қазақша нұсқада терме нақышымен шырқалды.

«Біз бүгін адамзатты қараңғылықтан шығарып, нұрға бөленуіне дәнекер, әлемнің мәңгілік мақтанышына айналған, ең таңдаулы, мақтаулы, парасатты тұлғасына арналған Мәуліт кешіне жиналып отырмыз. Қасиетті Құран Кәрімде «Сендерге – Аллаға және Ақырет күніне үміт ететіндер әрі Алланы көп еске алғандарға – Алланың елшісінде көркем өнеге бар» («Ахзаб» сүресі, 21-аят) делінген. Осы айда еліміздің әр түкпірінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліті аталып өтілуде. Бұл мереке – адамзаттың ардақтысы болған Хақ елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағанын ұмытпауымыз керек» деп сөз бастады Асқар Әбітайұлы.

Ізгілік насихатталған кеште «Өнер қырандары» театры ғибратты қойылымдар қойса, Қанатбек Болатбек рухани кештің көркін әнмен әсемдеді. Қайырымдылықты да ұмыт қалдырмаған игі шарада  ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 680-пәтер кілті көпбалалы ана Жадыра Сұлтанбековаға табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру