Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам қорғаныс департаментінде болды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 27.10.2023 1566 0 пікір
ШҚО: Бас имам қорғаныс департаментінде болды

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында рухани тәрбие – ихсан ілімін дамыту бағытындағы жұмыстар бойынша ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы өңірдегі Қорғаныс істері департаментінің басшылық құрамымен кездесті.

Бас имам рухани тәрбие, адамгершілік құндылықтардың өмірдегі маңызы жайлы тағылымды танымдық насихат айтты. «Асыл дініміз ислам –адамгершіліктің діні. Әр адам рухани кемелденсе қоғамда ізгілік орнайды. Рухани тәрбие ілімі Абай атамыз айтқан толық адам қағидасымен ұштасып жатыр. Қоғамның барлық саласында рухани тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді насихаттау аса маңызды» деді Ермек Қасболатұлы.

Кездесу барысында бас имам әскерилерден қойылған сұрақтарға нақты мысалдармен жауап берді. Басқосу соңынан Ермек Қасболатұлы ел тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметкерлерге амандық, елімізге бейбітшілік тілеп, дұға жасады. Тағылымдық және танымдық әңгімесі үшін қорғаныс департаменті бастығы бас имамға шынайы алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру