Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Көкқайнар» ауылдық мешітінде балаларға сый жасалды.
Аудан имамы Тәңірберген Дарханның ұйымдастыруымен өткен іс-шарада ойын батуты қойылып, бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді. Шараның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпаққа мерекелік көңіл-сүй сыйлай отырып, діні мен дәстүрін қатар ұстайтын және елінің патриоты болатын ұрпақ тәрбиесіне ықпал ету.
Мерекелік шараға Алматы облысының наиб имамы Сәкен Еншібайұлы арнайы келіп, облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлының құттықтауын жолдады. Шараға жергілікті әкімдіктен келген өкіл, Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімінің бірінші орынбасары Кенже Мұратбекқызы да қатысып, жылы лебізін білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
25.10.2023
2669
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру