Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Ұлттық мереке қарсаңындағы қайырымдылық

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 25.10.2023 1178 0 пікір
Жетісу: Ұлттық мереке қарсаңындағы қайырымдылық

ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігі «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Талдықорған қаласында орналасқан «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шарада облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы бастаған бір топ имам орталықтың қызмет алушыларын Республика күнімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Бас имам Керімбек Сәрсембайұлы жылы лебізін айтып, сый-сияпаттарын үлестіріп, қараусыз қалған жандарға демеу болатын мейірімділік, бір-бірімізге құрмет турасында насихат айтты.

Жыл сайын үрдіске айналған қайырымдылық шарасы жоғарғы деңгейде өтіп, орталықтың қызмет алушыларымен басшылығы мешіт ұжымына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру